Шымкентте 30 нысанды мәжбүрлеп бұзу туралы сотқа арыз берілді

0
574

Қазіргі таңда 14 нысанды мәжбүрлеп бұзу бойынша сот шешімі шықты.


Шымкентте 30 нысанды мәжбүрлеп бұзу туралы сотқа арыз берілді

Шымкент қаласында 2022-2023 жылдары 30 нысанды мәжбүрлеп бұзу туралы сотқа талап арыз берілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала аумағында өз бетінше құрылыс салу, рұқсатсыз аула немесе көшелерде қазу, құрылыс пен жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстарын орындамаған тұлғаларға заңнамада белгіленгендей шара көріледі. Шымкент қалалық Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы мәліметінше, шаһарда 2022-2023 жылдары 30 нысанды мәжбүрлеп бұзу туралы сотқа талап арыз берілген.
Мамандар көп жағдайда құрылыс алаңдарында шыға берісінде көлік құралдарының дөңгелектерін тазалау, жуу пункттерімен жабдықтамау, қоқыс жинау бункерлерін орнатпау, құрылыс жүріп жатқан іргелес аумақты тиісті жағдайларда тазаламау сияқты бұзушылықтар жиі орын алатынын айтады.
Жыл басынан бері жалпы 43 (сапасына қатысты – 4, заңсыз құрылыстарға қатысты – 39) құрылыс объектісі бойынша 118 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Жалпы, 2022-2023 жылдары 30 нысанды мәжбүрлеп бұзу туралы Қазақстан Республикасының азаматтық Кодексіне сәйкес, бұзу туралы сотқа талап арыз берілген. Қазіргі таңда 14 нысанды мәжбүрлеп бұзу бойынша сот шешімі шыққан. Қалған 16 нысан бойынша талап арыздар сотта қаралуда. Заңсыз құрылысқа қатысты 14 нысан бойынша сот шешімі шыққан. Оның ішінде 8 құрылыс нысаны бойынша мәжбүрлеп бұзылып орындалған. Қалған 6 нысанды мәжбүрлеп бұзу бойынша Шымкент қаласының Әділет департаментінің атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлімінде қаралуда.