Шымкентте 33 жастағы әйел бесінші қабаттан секірмек болды (видео)

0
693

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Шымкентте 33 жастағы әйел бесінші қабаттан секірмек болды (видео)

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте полиция қызметкерлері көпқабатты үйден секіріп, өзіне қол жұмсамақшы болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылдың 11-қарашасында сағат 11-50 шамасында Қаратау ауданы полиция басқармасының «102» арнасына «Тұран» шағынауданында орналасқан тұрғынүйлердің біріндегі 5-қабаттың сыртқы ернеуінде қыз баланың суицид жасамақшы болғаны туралы қоңырау келіп түскен.


"Оқиға орнына 7 минутта жеткен №730 экипаж қызметкерлері полиция лейтенанты Қанат Бишімов пен полиция аға лейтенанты Бейбіт Нұрпейісов уақыт жоғалтпай, көрсетілген үйге жүгіріп барып, әйел азаматшаның шынында өлімге қадам жасамақ болғанын көреді. Санаулы секундта олар үйдің шатырына көтеріліп, бірі азаматшаны сөзге тартып, мән-жайды сұрай бастайды. Екіншісі білдіртпей әйелдің артынан келіп, қолынан мықтап ұстап үлгереді. Осылайша, оны қауіпсіз жерге алып түсті", - делінген жазбада.
Полиция қызметкерлері 33 жастағы қала тұрғынымен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, отбасына табыстады.