Шымкентте 4 қала тұрғыны коронавирус жұқтырған

0
705

​Вирус жұқтырғандар 1982, 2020, 1976, 1983 жылғы туылған қала тұрғындары.


Шымкентте 4 қала тұрғыны коронавирус жұқтырған

Шымкент қаласында тағы 4 адам індет жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Вирус жұқтырғандар 1982, 2020, 1976, 1983 жылғы туылған қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
03.05.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 210 адам анықталды.