Шымкентте 5 нысан мүгедектер құқығын шектеген

0
1 692

Есеп беру жиынында тұрғындардың көпшілігі спорттық сауықтыру орталықтарын орнатып беруді сұраса, біразы көпқабатты тұрғын үйлерді жаңарту бойынша өтініштерін жеткізді.


Шымкентте 5 нысан мүгедектер құқығын шектеген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгін Шымкенттік Әл-Фараби ауданы әкімінің қорытынды есебі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентт қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің халық алдындағы есептік жиынына ҚР Президенті Әкімшілігінің бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Ерғали Қуандықұлы Егембердиев жəне Шымкент қаласы əкімінің бірінші орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы Нұртай қатысты.

Жиында 2018 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берген аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов үй басқарушыларымен өтетін ай сайынғы жиын жəне аптаның əр күні таңғы сағат 9:00-10:00 аралығында тұрғындарды қабылдау жүйеге қойылғанын айтты. Өткен жылғы жоспар аясында аудан аумағындағы бірқатар жұмыстар толық орындалса, үйлердің ауласына ойын алаңшалары мен спорттық сауықтыру элементтерін орнату жоспары артығымен орындалған.

Сондай-ақ, өз сөзінде: «Әл-Фараби ауданында 400 аула болса, оның жартысына аула алаңшалары, спорттық сауықтыру құрылғылары орнатылып, жаңарды. Қалған 200-дей аулада бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сәйкес жалғасады», - дейді аудан әкімі Ғ.Мәуленқұлов.

Ал ауданның кәсіпкерлік саласы тағы 36 ірі кəсіпкерлік нысанмен толығып, жаңадан 3800 тұлғаны бос жұмыс орындарымен қамтамасыз еткен. Сонымен қатар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Ырыс», шағын несие ұйымы және жергілікті кəсіпкерлер палатаның мамандары мен екінші деңгейлі банк өкілдерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы бағытын қаржыландыруға 70 млн. теңге қаржы бөлініп, 15 жоба мақұлданған.

Сонымен қатар, «Біз біргеміз» акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нəтижесінде 12 балабақшаға жəне көше бойында орналасқан 971 ірі нысанға пандус орнатылған. Ал мүгедектердің құқығын шектегені үшін 5 жекеменшік нысанға құзырлы мекемелер тарапынан 3,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Есеп беру жиынында тұрғындардың көпшілігі спорттық сауықтыру орталықтарын орнатып беруді сұраса, біразы көпқабатты тұрғын үйлерді жаңарту бойынша өтініштерін жеткізді.

дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі