Шымкентте 500-ге жуық ерікті қоғамдық көлікте тегін жүреді

0
934

"Киімге мұқтаж кісілер әлеуметтік дүкенге келіп, супермаркеттен алып жатқандай киіне алады."


Шымкентте 500-ге жуық ерікті қоғамдық көлікте тегін жүреді

Шымкентте 500-ге жуық ерікті қоғамдық көлікте тегін жүреді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев баспасөз брифингінде мәлімдеді.

«Алдағы уақытта 500-ге жуық ерікті қаладағы қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Оған қоса Шымкент қаласының үздік еріктілері мен ұйымдары жыл қорытындысында арнайы алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталады», – деді басқарма басшысы.

«Еріктілермен бірлесе отырып, «Біргеміз Sabaqtastyq» бағытында №4, №3 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Тәлімгер жобасы» жүзеге асырылуда. Бұл ретте статистикаға сүйенсек, мәселен, бұл жобаға 1700 адам қатысса, оның 125-і ғана өтеді екен. Яғни, көбісі балалармен тәлімгерлік тұрғысында жұмыс істеуге дайын емес деген сөз», – ол Жандос Қалтаев.

Баспасөз мәжілісінде «Ізгілікке жарысайық» қайырымдылық қорының менеджері Мұхтар Ташимов әлеуметтік дүкен жайлы әңгіме өрбітті. Спикердің сөзіне сүйенсек, көмекке мұқтаж отбасыларға киім таратудың жаңа форматы енгізілген.

«Киімге мұқтаж кісілер әлеуметтік дүкенге келіп, супермаркеттен алып жатқандай киіне алады. Яғни, біздің жоспар – мұқтаждық атмосферасын санасынан шығару. Осы мақсатпен 80 600 киім таратылды», – деді Мұқтар Смағұлұлы.

Брифинг соңында БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.