Шымкентте 60 тұрғын үй ауласын су басып қалған

0
1 062

Жауын-шашын салдарынан орын алған су тасқынын жоюға ТЖ департаментінің 16 қызметкері және 5 техникасы жұмылдырылды.


Шымкентте 60 тұрғын үй ауласын су басып қалған

Шымкентте 14 мамыр күні сағат 01:14-те Еңбекші ауданы, Откорм.совхоз Гаухар тас көшесінде қатты жауын-шашын салдарынан Бадам өзенінің тасуы орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жағалаудың бұзылуы салдарынан 2 тұрғын үйдің құлауына қауіп төнді (үйлерге дейін арақашықтық 7-8 метр). ТЖД күштерімен қауіп төніп тұрған 2 үйден 17 тұрғын Бадам-1 елді мекеніндегі №84 орта мектебінің негізінде құрылған эвакуациялық жиналу пунктіне көшірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

ТЖ салдарын жоюға ТЖ департаментінің 16 қызметкері және 5 техникасы жұмылдырылды.

Сонымен қатар 112 кезекшілік қызметіне азаматтардан үйлердің аулаларын су басқаны туралы 28 қоныраулар түсті, барлығына шұғыл түрде қызметкерлер шығып, суды шығару жұмыстарын жүргізді.

Жалпы 973 текше метр су шығарылды. Жеке құрамнан 97 адам, 23 техника жұмылдырылды.

Ал, 13 мамыр күні сағат 19:14-те Еңбекші ауданы, Елтай елді мекеніне қатты жауын-шашын салдарынан Түркістан облысы Төлеби ауданынан секундына 3-5 текше метр су келгені туралы хабарлама келіп түскен.

Үйлердің аулаларын су басып, судың деңгейі 20-50 см құрады. Көп мөлшерде келген судан арық жүйесі істен шығып, соның салдарынан тұрғын үйлердің аулаларын су басты. Жалпы 60 тұрғын үй аулаларын су басты және 3 шаруашылық құрылысы қирады.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 57 қызметкері, 14 техника мен МП-100 маркалы 14 мотопомпа жұмылдырылды.ТЖД күштері суды шығару жұмыстарын жүргізді, жергілікті атқарушы органдарының коммуналдық қызметтері арықтардың механикалық тазалауы жүргізілді.

ТЖ департаментінің мобильді тобы дауысзорайтқыш арқылы Елтай елді мекенінің тұрғындарын эвакуация туралы құлақтандыруы жүргізілді. Су басқан 60 үйден адамдарды көшіру ұйымдастырылды. Маятас тұрғын алабында орналасқан №119 мектептің негізінде құрылған №41 эвакуациялық жиналу пунктіне 150 адам көшірілді, 150 адам өздеріннің туыстарының үйіне орналасты. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Қосымша 4 эвакуациялық-жиналу пункті дайындыққа келтірілді.