Қазіргі уақытта қала бойынша індет жұқтырғандардың жалпы саны - 344.
Шымкентте өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 77 адам тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 77 адамнан COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Науқастардың 3-еуі Атырау облысынан келген, 2-еуі халықаралық жүк тасымалының жүргізушісі, 4 адам вирус жұқтырғандармен жақын қарым-қатынастағылар ретінде бақылауға алынған, 68-і скрининг нәтіжесінде анықталған. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 344 адам анықталды.