Шымкентте "Әйелдер мен бизнес: жаңа мүмкіндіктер-2020" атты форум өтті

0
1 176

Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің жұмысы туралы есеп берілді


Шымкентте

Шымкент қаласында «Әйелдер мен бизнес: жаңа мүмкіндіктер - 2020» атты ІІІ бизнес-форум өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиында Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің жұмысы туралы есеп берілді. Бұған қоса 2020 жылға арналған жобалар, қалалық ІӘК мүшелері компанияларының өнімдері мен қызметтерінің көрмесі, екінші деңгейлі банктер мен даму институттарының әйелдер кәсіпкерлігін қолдау шаралары туралы шеберлік сағаттары, жергілікті дизайнерлер топтамасының дефилесі ұйымдастырылды, панельдік сессиялар өтті.

«Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова қатысушыларға сәттілік тілеп, тілегін жеткізді.

Әйелдің қоғамдық-саяси өмірдегі орнын ешкім де жоққа шығара алмайды. Қазіргі заманда бәсекеге қабілетті болу керек. Бәсекелестен қорықпай, қайта оны ысыруға әрекет жасау керек, - деді Л.Рамазанова.

Шымкентте 68 мың кәсіпкер әйелдер бар. Жуырда «IS KOLDAU» - «Әйел және отбасылық бизнесті қолдау» қоғамдық ұйымы ашылады деп жоспарлануда. Бұлардан бөлек, 21 адамнан құралған Әйелдер бизнес клубы мен 250-ден астам адам кіретін кәсіпкер әйелдердің базасы құрылған.