Шымкентте әкімнің Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен көшпелі кездесуі өтті

0
111

Қала әкімі тұрғындарға белсенді азаматтық ұстанымы, сындарлы ұсыныстары және қаланың дамуына қосып жүрген үлесі үшін алғысын білдірді.


Шымкентте әкімнің Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен көшпелі кездесуі өтті

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков халықпен көшпелі кездесуді Әл-Фараби ауданында жалғастырды.

Кездесуге Қабанбай батыр және Жангелдин көшелерінің, 21-шағынаудан мен Береке тұрғын алабының тұрғындары қатысып, ауданның дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты өзекті мәселелерді көтерді.

Тұрғындар қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және күтіп ұстау, кәсіпкерлік нысандары мен дренаж жүйелерінің жұмысы, сондай-ақ тұрғын үй мен жер телімдерін беру кезектілігіне байланысты ұсыныстары мен өтініштерін жеткізді.
Кездесу барысында тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасын іске асыру тетіктері түсіндіріліп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру және автотұрақ орындарын реттеу мәселелері бойынша қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Сонымен қатар табиғи газға заңсыз қосылу фактілері, қоғамдық көліктердің қозғалыс кестесі, емхана ғимаратын кеңейту және балабақша салу мәселелері қаралды. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі бойынша жедел шешімдер қабылданды.
Қалған ұсыныстар мен өтініштер салалық басқармалардың жұмыс жоспарына енгізіліп, аумақты дамыту бағдарламаларын әзірлеу барысында ескерілетін болады.
Қала әкімі тұрғындарға белсенді азаматтық ұстанымы, сындарлы ұсыныстары және қаланың дамуына қосып жүрген үлесі үшін алғысын білдірді.
Бөлісу