Шымкентте алаяқтыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды

0
1 229

Келтірілген шығын көлемі шамамен жарты миллион теңгені құрайды.


Шымкентте алаяқтыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды

иллюстрациялық фото: zannews.kz

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының полицейлері алаяқтық жайтына қатысы бар күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент ҚІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап өтсек, Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, онда бейтаныс адам орындық маталарын ауыстырып беремін деп, ақшасын алғанын, алайда уәдесін орындамай қашып жүргенін көрсеткен.

Осыған орай, Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында шамамен 25-30 жас аралығындағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тәртіп сақшылары күдікті азаматтың жәбірленушіден әрқайсысы 25 000 теңге тұратын 16 дана орындығы мен 40 000 теңге ақшасын алып кетіп, осы уақытқа дейін қайтармай жүргенін анықтады. Тергеу барысында ұсталған күдіктінің басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы тексерілуде. Жалпы келтірілген шығын көлемі шамамен жарты миллион теңгені құрап отыр.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеп–тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сонымен қатар, Шымкент ҚІІД Еңбекші ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Онда Шымкент қаласының тұрғыны өзінің танысы оның ұялы телефонын және меншігіндегі автокөлігінің ішінде тұрған автокөліктің бейнетіркегішін ашық түрде тонап кеткенін көрсеткен.

Осы оқиға бойынша Еңбекші ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс шарасын жүргізу барысында күдікті шамамен 40-45 жастағы азаматты ұстады.

Сондай-ақ, аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК –нің «тонау» бабымен тіркеліп, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.