​Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылайтын 4 мобильді топ жұмыс істеуде

0
1 213

Шымкентте 2 мыңнан астам дүкен бар.


​Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылайтын 4 мобильді топ жұмыс істеуде

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылайтын 4 мобильді топ жұмыс істеуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кәсіпкерлік саласының жауапты мамандары бекітілген 9 түрлі әлеуметтік азық-түліктің бағасын бақылау үшін күнделікті супермаркет, дүкендер мен базарларды аралап, тұрақты бақылауда.

Қазіргі таңда қаламызда 2000-нан астам дүкен бар. Мобильді топ қызметкерлері дүкен иелеріне ассортименттегі тауар түрлерінің шекті бағадан аспауы керектігін ескертіп, күнделікті мониторингтік жұмыстар жүргізуде.

Егер азық-түлік дүкен иелері шекті бағаны сақтамай, бағаны мардымсыз көтерсе, ескертусіз 100 АЕК, қайталанған жағдайда 200 АЕК айыппұл салатын болады.

Бүгінде мобилдьді топ жұмыстарының көрсеткіші бойынша қаладағы «GraMad», «Magnum», «Фиркан» супермаркеттерінің 21 сауда нүктесі мен 7 базардағы жылжымалы орындарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатылуда.

Сонымен қатар, дүкендердегі әлеуметтік тауар өнімдерінің тауар ассортиментінде белгіленген бағадағы өнім болмаған жағдайда немесе мардымсыз қымбаттатқан жағдайда қала тұрғындары үшін арнайы 8 778 136 18 47 WhatsApp желісі мен 39-50-55 Call-орталық іске қосылған.