​Шымкентте әлеуметтік маңызы бар жаңа автобус бағыттары ашылды

0
2 014

№55 автобус бағыты Ынтымақ шағын ауданы арқылы, №149 автобус бағыты қаланың орталығымен Қайнар бұлақ шағын ауданына қатынап жатыр.


​Шымкентте әлеуметтік маңызы бар жаңа автобус бағыттары ашылды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының жер көлемі соңғы бес жылда үш есеге ұлғайып, жаңа 40 елдімекен қосылды. Ал тұрғындардың саны миллионнан асып түсті. Сол себептен де, қаланың шалғай мекендерін қоғамдық көлік қызметімен қамту жұмыстары өзекті болып тұр, деп жазады Шымкент қаласы әкімдігі


Мәселен, өткен жылы қалалық тасымалдаушы компаниялар жалпы 80 жаңа автобус сатып алды. Жаңа автобустар әлеуметтік маңызы бар бағыттарында қызмет көрсетуде. Ал 2019 жылдың 1 ақпанынан бастап, жаңа әлеуметтік маңызы бар №55 және №149 автобус бағыттары жолаушыларға тасымалдау қызметін көрсетуде.


Аталған бағыттарда сиымдылығы үлкен автобустар қызмет көрсетуде. №55 автобус бағыты Ынтымақ шағын ауданы арқылы, №149 автобус бағыты қаланың орталығымен Қайнар бұлақ шағын ауданына қатынауда. Бұдан бөлек, алдағы уақытта Текесу, Айнатас, Жыланбұзған, Елтай, Жаңаталап, Көкбұлақ шағынаудандарына қарай жаңа бағыттар ашылатын болады.

Айта кетейік, 2018 жылы Шымкент қаласында қоғамдық жолаушылар тасымалдау саласында 27 көлік компаниясы 79 бағытта 1 129 көлік құралдарымен жолаушыларға қызмет көрсетті.