Шымкентте алғаш рет нейрохирургиялық орталық ашылды

0
385

Оқу орталығы ашылып, резиденттер, отандық және шет елдердің нейрохирургтері оқытылуда.


Шымкентте алғаш рет нейрохирургиялық орталық ашылды

Шымкент қаласында ауыр нейрохирургиялық дертке шалдыққан науқастарға стационарлық көмек көрсетуге бағытталған медициналық орталық №2 қалалық аурухана базасында іске қосылды.

Осыған дейін пациенттер тиісті қызметтерді алу үшін еліміздің өзге аймақтарына, қаладағы медициналық ұйымдарға барып, уақыт оздырып келген болатын. Енді бас-ми жарақаты бар, түрлі ауыр дертке шалдыққан нейрохирургиялық көмекті қажет ететін науқастар осында тәулік бойы жедел түрде қабылданады.

Қазір мұнда оқу орталығы ашылып, резиденттер, отандық және шет елдердің нейрохирургтері оқытылуда.
Жаңа орталықты медицина ғылымдарының докторы, еліміздің білікті нейрохирургы Еркін Жұмағұлұлы Медетов басқарады.
Айта кетейік, жыл басынан бері N2 аурухана базасында 150 нейрохирургиялық операция жүзеге асырылды. Күрделі оталар Өзбекстан, Тәжікстан, Молдова, Швейцария елдерінен келген науқастарға да жасалған.
Бөлісу