400 метр қашықтықта Таңбалы тас көшесіне салынды
Шымкентте алғаш рет топырақ жолға эксперимент жүзінде жол салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес, қалада алғаш рет топырақ жолға суық ресайклерлік өңдеуден кейін тұтас эмульсиялық минералды қоспасының 2 қабатын төсеу тәжірибесі қолданылды.
Жол эксперимент жүзінде 400 метр қашықтықта Таңбалы тас көшесіне салынды.
Қала әкімі шалғай аудандарда топырақ жолдарға осы әдісті қолдану тұрғындардың жайлы жүріп-тұруын қамтамасыз етудің уақытша шешімі екенін алға тартып, қаладағы топырақ жолдың бәріне кезең-кезеңімен асфальт төселетінін жеткізді.