Шымкентте алғашқы 5 айда барлық салада өсім байқалды

0
811

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.


Шымкентте алғашқы 5 айда барлық салада өсім байқалды

Шымкент қаласында алғашқы 5 айда барлық салада өсім байқалды деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

2021 жыл Шымкенттің жалпы өңірлік өнімі 2,6 трлн. теңгеден асты, экономикалық өсім 5,4 пайызды құрады.
Биылғы жылы алғашқы бес айда:
- өнеркәсіп өнім көлемінің индексі 7,9 пайызға;
- инвестиция көлемі 29,2 пайызға;
- құрылыс жұмыстары 3,4 пайызға;
- пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 44,5 пайызға;

- бөлшек сауда көлемі 18,5 пайызға артты.

Айта кетейік, Шымкент қаласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2021 жылдың 8 айында 201,1 млрд теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 135,9 пайызға артқан. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның құрылымында жекеменшік инвестицияның үлесі 72 пайыз болса, мемлекеттік инвестицияның үлесі – 28 пайызды құрайды. Соңғы 4 жылда қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 60 пайызға, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30 пайызға, қала бюджеті 4 есеге өскен. Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгеннен бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 492,3 млрд. теңгеден 785,4 млрд. теңгеге ұлғайды. 1,5 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылды. Биыл қалаға жарты триллионнан астам инвестиция тарту жоспарланған. Инвестиция тарту бойынша Шымкент 2021 жылдан бері елімізде көш бастап келеді. Сонымен бірге 2,6 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, оның 1 миллионы өткен жылы берілді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнім көлемі алғаш рет 1 трлн. теңгеден асты. Сонымен қоса, 2022 жылға бюджет көлемі 573,7 млрд. теңгені құрады. Оның 47 пайызы әлеуметтік салаға бағытталса, 21 пайызы даму жобаларына бөлініп отыр. Бюджет қаражатын ұлғайту арқылы қаладағы біршама өзекті мәселелер шешімін табуда.