Шымкент қаласында "Аманат" азаматтық платформасы тәуелсіз бақылаушыларға арналған тренинг ұйымдастырды.
Шымкентте "Аманат" сайлауды бақылау жөніндегі азаматтық платформасының кесесінде семинар-тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бүгін "Аманат" сайлауды бақылау жөніндегі азаматтық платформасының семинар-тренингін Азаматтық платформаның жетекшісі Мусағали Дуамбеков, штаб жетекшісі Лима Диас, Ербол Дайрашұлы, Шымкент қаласы "Рухани жаңғыру" штабының төрайымы Зәуре Оралбаевалар жүргізді.
Семинар-тренингте сайлауышлардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Сондай-ақ, сайлауға бақылау жүргізу жөніндегі ұлттық қоғамдық платформасы аясында тәуелсіз бақылаушыларға арналған тренинг ұйымдастырылды. Жиын барысында қоғамдық ұйымның бағыты, мақсаттары мен міндеттері түсіндіріледі.
"Жалпы бұл жалғыз бізге керекті шаруа емес, жалпы халыққа мысалы Шымкент жерінде болса Сіздерге қажетті дүние. Себебі сайлау деген бұл зайырлы мемлекеттің тарихында, өмірінде ең бір маңызды кезеңдердің бірі. Сондықтан Сіздер өздеріңіздің Конституциялық құқықтарыңызды пайдаланып, өздеріңіздің дауыстарыңызды беріп, мемлекеттің Президентін сайлауға ат салысуларыңыз керек," - деді Азаматтық платформаның жетекшісі Мусағали Дуамбеков.