​Шымкентте арқан тартыстан сайыс өтті

0
401


​Шымкентте арқан тартыстан сайыс өтті

Шымкент қаласының әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастырумен қаладағы спорт мектептерінің қызметкерлері арасында арқан тартудан сайыс өтті.

Шымкент қаласында ұлттық спорт түрі ерекше дамыған. Басқарамаға қарасты мекемелерде түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Басты мақсат – ұлттық спорт түрлерін дамыту, жастар арасында кеңінен дәріптеу.

Кіл күштілер бақ сынаған жарыста үздік үштікті анықтау оңайға соқпады. Жалпы 25 команда өтінім қалдырып, 125 спорт қызметкері қатысты. Олардың басым көпшілігі жастар. Қажымұқан атындағы орталық стадионда жиналған көпшілік тек арқан тарту ойынын тамашалап қана қоймай, V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының маңыздылығын білді. Басқарма басшысы Ермек Дәрменов 8-13 қыркүйек аралығында өтетін Дүниежүзілік доданың ел үшін айшықты күндер екенін айтты.
Арқан тартыста команда болып, жоғары нәтиже көрсеткен №20 Ауыр атлетикадан ОРМБЖСМ қызметкерлері 1 орынды иеленді. Ал, №4 Ләззат Тажиева атындағы ОРМБЖСМ қызметкерлері 2 орынға жайғасты. Үздік үштікті ОРМБЖСМ Олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің мамандары түйіндеді.
Ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар.
Бөлісу