Шымкентте әскери патриоттық әндер байқауы өтті

0
775

Сайысқа 30 үміткер қатысты.


Шымкентте әскери патриоттық әндер байқауы өтті

Шымкент қаласында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесі қарсаңындағы іс шаралар топтамасы патриоттық әндер сайысымен жалғасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде «Көк тудың желбірегені, жаныма қуат береді» атты әскери патриоттық әндер байқауы өтті. Өскелең ұрпақты отансүйгішттік пен елжандылыққа тәрбиелейтін іс-шараға 30 үміткер қатысып, көрермендерге әндер шеруін ұсынды. Сарапшылар үміткерлердің тек ән орындау шеберлігіне ғана емес киім кию үлгісі мен сахнада өз-өзін ұстауына да баға берді. Үміткерлердің арасынан оза шыққан өнерпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

Қазіргі таңда қаламыздағы бірқатар білім, мәдени ошақтарда ерлік пен батырлық дәріптелген салтанатты жиындар жалғасуда.

Атап айтсақ, Шымкент қаласындағы №1 дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатында «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты мерекелік іс-шара өтті. Аталған шараға республикалық «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ардагерлері қатысты.

Біздің әкелеріміз 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Сол кісілердің Отанға деген сүйіспеншілігін көріп, тәрбиесін, ақыл-кеңесін тыңдап өстік. Қазіргі жастарда бұрынғы елін, жерін қорғаған батырларымыз сияқты мықты, қайсар азамат пен азаматшалар болса екен деймін. Осы мақсатта жастар арасында патриоттық іс-шараларды жиі ұйымдастырамыз, - дейді «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ардагері Үсенбатыр Мырзамбайұлы.

Іс-шара барысында оқушылар Отан, туған жер, қайсар да батыл бабаларымыздың ерлігі жайында өлең оқып, сахналық көрініс көрсетті. Сондай-ақ, Шымкент қаласында Отан қорғаушылар күніне орай, Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Индустриялды-техникалық колледж ғимаратында №75, №29, №49 және №3 білім беру мекемелерінің жастары арасында «Dala battle» әскери-патриоттық іс-шара өтті.