Бұл туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысында айтылды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте карантиндік шектеу шаралары 12 сәуірден 26 сәуірге дейін ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Тулебаевтың жаңа қаулысында айтылды. «Шымкент қаласының аумағында 2021 жылғы 12 сәуір сағат 00:00-ден бастап 2021 жылғы 26 сәуір сағат 00:00-ге дейін коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу іс шаралары күшейтілсін» деп бекітілген.
Жаңа қаулыға сәйкес, адамдардың көп жиналуына байланысты кез-келген (ауызашар, еске алу, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық той, беташар және басқа) шараларды өткізуге тыйым салынды. 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектелді. Қоғамдық орындарда бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталуы тиіс. Кеңсе қызметкерлерінің 50%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшіріледі.
Балалардың ойын-сауық орталықтарының (ойын алаңдары, жабық үй жйларындағы аттракциондар) цирктердің жұмысына тыйым салынды. Жұма намазы «тарауих» намазы, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимімен және ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтаумен қалыпты режимде ұйымдастырылады. Автовокзалдар мен автостанциялардың жұмысы қалыпты режимде ұйымдастырылады.
Мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқуға рұқсат берілді. Жұмыс, демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін рұқсат етілді.
Жаңа қаулы 2021 жылы 12 сәуір сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Айта кету керек, қазіргі таңда Шымкент эпидемиологиялық жағдай бойынша "сары" аймақта орналасқан.