​Шымкентте «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

0
142

Жолаушылардың қауіпсіздігі – басты назарда. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау – жолдағы қауіпсіздіктің кепілі.


​Шымкентте «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Шымкент қаласы аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын қоғамдық көліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауын, қажетті құжаттарының болуын, көлік құралдарының техникалық жай-күйін және жолаушыларды тасымалдау талаптарының орындалуын тексеруде.
Сонымен қатар, автобустардың белгіленген бағыт бойынша жүруі, жылдамдық режимін сақтауы бақылауға алынып, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылдануда.
Жолаушылардың қауіпсіздігі – басты назарда. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау – жолдағы қауіпсіздіктің кепілі.
Бөлісу