Қазіргі таңда оны ұстауға бағытталған барлық қажетті іс-шаралар жүргізілуде.
Шымкентте автобуста кәмелетке толмаған қыздың көзінше мастурбация жасаған ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Еске сала кетейік, 16 сәуір күні таңғы сағат 10-дар шамасында қалалық №72 автобуста ер адам 12 жасар қыздың көзінше мастурбация жасаған. Содан-соң, өзін видеоға түсіріп жатқанын байқап, "Қырғы базар" аялдамасынан түсіп қалған.
"Аталған жайт Әл-Фараби ауданының полиция басқармасымен Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Қазіргі таңда оны ұстауға бағытталған барлық қажетті іс-шаралар жүргізілуде", - делінген баспасөз хабарламасында.