Шымкентте автожолда жеңіл көлік жанып кетті

0
484

Өрттің шығу себебі анықталуда.


Шымкентте автожолда жеңіл көлік жанып кетті
Шымкентте автожолда жеңіл автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 5 сәуір күні сағат 10:40-та Тұран ауданы Исмайлов көшесі бойындағы автожолда болған.

Оқиға орнына жетіп келген өрт сөндіру бөлімдері сағат 10:52-де өртті оқшаулады. Өрт толығымен сағат 11:12-де сөндірілді. «Daewoo Nexia» маркалы жеңіл автокөлігі толығымен жанды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда”, - делінген жазбада.
Айта кетейік, оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінінен 12 адам жеке құрам, 2 дана техника жұмылдырылды.