Шымкентте азаматтарды «Жолда қабылдау» акциясы өтті

0
1 367

Шымкент қаласы ПД полицейлері мен полиция құрылымдарының білікті мамандары ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша тұрғындармен кері байланысты қамтамасыз ету, халыққа жақын болу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында азаматтарды «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.


Шымкентте азаматтарды «Жолда қабылдау» акциясы өтті

Шымкент қаласының полицейлері кезекті республикалық «Жолда қабылдау» акциясын қорытындылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылдың 19-20 шілде күндері таңғы сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жалғасқан акция аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын сақтау, автокөліктерді тіркеу, көлік құралдарын қайта жабдықтау, жол жүрісін ұйымдастыру және әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу мәселелері қаралды.

Аталған іс-шараға жалпы 1611 қала тұрғыны қатысып, 1324–не құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 370 айыппұлдарды төлеу, 330 жол жүрісі ережелері, 121 автокөліктерді тіркеу, 119 жүргізуші куәліктері, 34 автокөлікті қайта жабдықтау, 131 көші қон саласына қатысты, 198 ІІО басқа қызметтері бойынша сұрақтар қойылып, нақты жауап берілді.

Айта кетейік, қабылдау орнында Әкімшілік полиция, жол-техникалық инспекция, жергілікті полиция, көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері мен басшылары, БАҚ өкілдері болды.

Дереккөз: Шымкент қаласы ПД Баспасөз қызметі