Оңалту орталығында 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсетіледі.
Шымкентте балаларды оңалту орталығының жаңа корпусы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қаладағы №2 оңалту орталығының жаңа корпусы ашылды. Жаңа корпус 60 төсек-орынға лайықталған.
Орталықта невралогиялық ақауы бар және кардиохирругиялық, ортапедиялық отадан кейін балалар оңалту емін алады. Бұл үшін мұнда медицина мамандары балаларға физиотерапиялық емнен бастап, гидроәдіс, массаж және логопед пен психологтың қызметін көрсетеді. Сондай-ақ емдеу мекемесінде мамандар монтессори жүйесі бойынша жұмыс істейді.
Тағы ескерерлігі, өз еркімен қимылдай алмайтын балалар арнайы анықтама қағазы арқылы ата-анасымен келіп орталықта ем қабылдай алады.
Оңалту орталығында 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсетіледі.