Дүйсенбіден бастап осы аумақтағы дүңгіршектерді сүру жұмыстары сот шешіміне сәйкес қолға алынатынын мәлім етті.
ERNUR.KZ. Әл-Фараби ауданында орналасқан «Қырғы базар» аумағын ретке келтіру жұмыстары бойынша аудан әкімі брифинг өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Әл-Фараби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әл-Фараби ауданы, Төле би көшесінің бойында орналасқан «Қырғы базар» аумағын ретке келтіру жұмыстары бойынша аудан әкімі брифинг өткізді.
Аталған аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов төрағалық еткен брифингке Әл-Фараби аудандық ІІБ басшысы С.Сейтжомарт, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Ж.Өтебаева, Әл-Фараби ауданы аумақтық сот орындаушылар бөлімінің басшысы Г.Мырзалиева, «Қырғы базардың» басшысы Д.Қазиев және құрылымдық бөлім мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Брифингте «Қырғы базар» аумағын ретке келтіру мақсатында атқарылған жұмыстардың жайын баяндалды. Дүйсенбіден бастап осы аумақтағы дүңгіршектерді сүру жұмыстары сот шешіміне сәйкес қолға алынатынын мәлім етті.
Айта кетейік, 30 шілдеден бастап «Қырғы базар» маңындағы 35 дүңгіршек сот шешіміне байланысты сүрілетін болады.