Шымкентте базар өртенді

0
3 105

Өрттен бір сауда орны түгелдей жанып, қалған екеуіне де зардабын тигізген.


Шымкентте базар өртенді

Шымкентте жұрт "Евразия базары" деп атап кеткен базардан өрт шықты. Тілсіз жау киім-кешек сататын үш бутикті шарпыған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қызыл жалын тұтанғанда базардағы бутиктердің иелері мен сатушылары өздері сөндірмекші болған көрінеді. Алайда тілсіз жауды ауыздықтауға шамалары келмей өрт сөндіру қызметіне хабарлаған. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер басқа бутиктерді де өрт шарпымау үшін барын салған.

"5 тамызда сағат 13.35-те «Алтын орда» базарының аумағында бір сауда бутикте өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Базардың аумағында бір сауда бутигі жанып, жалпы өрттің көлемі 72 шаршы метрді құрады. Жанында тұрған екі киім сауда бутигіне залал келтірілді.
Өрт сағат 13.55-те оқшауланып, сағат 14.20-да толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ,"
- деп мәлімдеді Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын есептеліп жатыр.