Шымкентте бейнебақылау камераларының саны артып, қылмыс азайған

0
969

Өткен жылы жаңадан 3177 бейнебақылау камералары орнатылып, қала аумағын шолу 3 есеге артты.


Шымкентте бейнебақылау камераларының саны артып, қылмыс азайған

Шымкент қаласында бейнебақылау камераларының саны артып, қылмыс азайған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

«Шымкент қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өткен жылы жаңадан 3177 бейнебақылау камералары орнатылып, қала аумағын шолу 3 есеге артты. Биылда қосымша 1000 бейнебақылау камералары орнату көзделген», - деді М.Әйтенов брифинг барысында.
Сонымен бірге,халық тығыз орналасқан шағын аудандарда заманауи 9 мобильді полиция бекетін орнату жоспарлануда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 5 айда жалпы қылмыстардың саны 19,4 пайызға азайған.

Айта кетейік, Шымкентте 2021 жылы қала аумағында 3177 бейнебақылау камералары орнатылған. Жедел басқару орталығының техникалық базасы да жаңартылды. Нәтижесінде камераларды шолу 3 есеге артты. Сергек камераларына қарайтын 32 автоматтандырылған жаңа жұмыс орны құрылды. Бейнеқабырғаларға бұрын екі жүйе қосылған болса, енді олардың саны 8-ге өсті, яғни әлеуметтік нысандар, сергек, GPS карталар, пелко, ИНТЕГРА-С қосылды. Тәртіп, тазалық пен жол ережесін сақтау, жалпы қауіпсіздігіміз үшін камералардың маңызы орасан зор.

Ал, биыл тағы 1000 камера орнату жоспарда бар. Оның ішінде 877 көше қиылысына, 800 желілік учаскеге, 1500 жалпы бейнебақылау камерасы. Қауіпсіздікті одан әрі дамыту үшін 2022 жылы қосымша 1000 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр. Оның ішінде 800 қоғамдық қауіпсіздікті 200 жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін.

Қаланы бейнебақылау камераларымен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Нақтырақ айтсақ, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар арқасында технологиялық серпіліс» Ұлттық жоспарына сәйкес, 2023 жылы 1500, 2024 жылы 1500, ал 2025 жылы 2500 бейнекамералар қойылмақ. Олардың барлығы Полиция департаментіне қарасты жедел басқару орталығы арқылы басқарылады.