Шымкентте бірінші және екінші ауысымда 213 мыңға жуық бала демалыспен қамтылған

0
437


Шымкентте бірінші және екінші ауысымда 213 мыңға жуық бала демалыспен қамтылған

Шымкент қаласында жалпы орта білім беру ұйымдарындағы 245 862 оқушының 232 424 оқушысын (94,6 %) жазғы демалыспен қамту жоспарланған.

Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы Өңірлік коммуникациялық қызмет алаңында өткен баспасөз брифингінде айтты.
Оның ішінде 18 934 бала (9 494-і жергілікті бюджет, 9 440-ы демеушілер қаражаты есебінен) және кәсіподақ тарапынан 90 бала қала сыртындағы және 213 400 (ата-аналар) бала мектеп жанындағы алаңдарда демалады дейді, - Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында айтып өтті.
Мектеп жанындағы алаңдардың жұмысы ағымдағы жылдың 27-мамырдан басталып, бірінші және екінші ауысымда 213 мыңға жуық бала демалыспен қамтылған.
2024 жылдың жаз айында балаларды сауықтыру, жетілдіру, бос уақытын тиімді өткізу мақсатында қала сыртындағы 7 лагерге бір көзден отыру бойынша ұсыныс беріліп, балалар ауысыммен демалуда.
Атап айтқанда, Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Бәйшешек», «Көктөбе», «Тау шыңы» және Сайрам ауданындағы «Арыс» лагерлерінде демалуда. Ағымдағы жылдың 12 шілдесінен бастап «Машат - Арасан», «Гаваи» және «Тур база» лагерлерінде ауысыммен демалатын болады.

Спикердің айтуынша, сонымен қатар 20 маусымнан бастап Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Көлкент елді мекенінде орналасқан Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты мемлекеттік «Ақсу» лагеріне 200 бала демалуға жіберілді, қазіргі таңда демалуда.

Балалар үйінің 114 тәрбиеленушісі 10-маусымнан бастапқала сыртындағы «Үшбұлақ» лагерлерінде демалуын жалғастыруда. Балалар оқу жылының басталуына дейін демалатын болады.
Бугінгі таңда қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде 1356 бала демалыспен қамтылды. Оның ішінде, 429 бала демалып қайтты, ал 927 бала демалуда.

Сондай-ақ 7 мемлекеттік мектептен тыс мекемелердің спорттық және шығармашылық үйірмелерінде 20 403 оқушы және 36 жекеменшік қосымша білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыспен 12 300 баланы қамтылуда.

Бөлісу