Шымкентте биыл 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі

0
364

Оның ішінде бюджет есебінен 51 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.


Шымкентте биыл 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі

Биыл Шымкент қаласында 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

«Өткен жылы қалада бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үй берілген болатын. Биыл да осы межеден асу жоспарланып отыр. Оның ішінде бюджет есебінен 51 көпқабатты тұрғын үйді (2972 пәтер, 239,3 мың шаршы метр) пайдалануға беру жоспарлануда», - деді қала әкімі М.Әйтенов.
Баспана кезегінде тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде 500 млн. теңгеге 500 тұрғын үй сертификаттарын беру қарастырылды. Одан бөлек, қала тұрғындарының ұсынысы бойынша 18 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жүргізілуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен көпқабатты тұрғын үйлердің бірлестіктері немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформасы 100 пайыз іске асырып, «Бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидасы бойынша тұрғын үйді басқару жүйесін Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің барлығы енгізгенін айтты.

Айта кетейік, Шымкент қаласының құрылыс басқармасына 2022 жылы бюджет есебінен жалпы құны 56,8 млрд. теңгені құрайтын 90 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 31 кредиттік тұрғын үй және 20 арендалық тұрғын үй салынуда. Сонымен қатар, Инженерлік инфрақұрылым бойынша Тұран шағын ауданында 5 жоба, Бозарық шағын ауданында 6 жоба, ӘІО 2 жоба және Жанаталап тұрғын алабында 2 жоба жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Әлеуметтік нысандардың құрылысы бойынша 13 нысанның (4 спорт нысаны, 3 мәдениет нысаны, 2 саябақ, 2 өрт сөндіру нысаны, 1 биотермиялық шұңқырдың және 1 денсаулық сақтау құрылысы) құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде, 1 саябақ, 2 спорт нысаны, 1 өрт сөндіру нысаны және 1 биотермиялық шұңқырдың құрылысын биылғы жылы аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, 8 мектеп құрылысы, 1 колледж, 1 оқушылар сарайы және 1 балалар шығармашылық орталығының құрылысы жүргізілуде. Жылдың аяғына дейін 5 мектеп, 1 колледж және 1 балалар шығармашылық орталығын пайдалануға беру жоспарлануда.