​ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 900-ГЕ ТАРТА ЖАҢА АЯЛДАМА ПАВИЛЬОНЫ ОРНАТЫЛАДЫ

0
542


​ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 900-ГЕ ТАРТА ЖАҢА АЯЛДАМА ПАВИЛЬОНЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Бүгінде қала аумағында 1886 аялдама орны бар. Павильондармен қамтамасыз етілгені – 1338, оның ішінде ескі үлгідегі аялдама саны – 500, ал жаңа үлгідегі аялдама – 838. Қала аумағын толық аялдама павильондарымен қамтамасыз ету үшін қажетті аймақтарға 398 аялдама орнату және 500 ескі аялдаманы жаңарту жоспарланып отыр.

Жоспарға сәйкес биыл 898 жаңа аялдама павильонын орнату жұмыстары жүргізіледі. Қаланың орталығында орналасқан 200 аялдамаға атаулар орнатылуда.
Бөлісу