Шымкентте биыл отыз мың гектарға жуық жерге егін егіледі

0
2 153

Өткен жылмен салыстырғанда 1,4 мың гектарға артық.


Шымкентте биыл отыз мың гектарға жуық жерге егін егіледі

Шымкент қаласында биыл 29,3 мың гектар жерге егін егу жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі өткен Үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарын өткізу барысы пысықталды.
Бұл бағытта Шымкент қаласында биыл 29,3 мың гектар жерге егін егу жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 мың гектарға артық (2020 жылы – 27,9 мың гектар). Оның ішінде дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері) – 12,9 га, майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) - 3,8 га, көкөніс пен бақша – 3 га, картоп - 0,7 га, мал азықтық дақылдар - 8,9 га аумаққа егіледі деп көзделуде.
Нәтижесінде жиналатын өнім көлемі 71,7 мың тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 12,4 мың тоннаға артады (2020 жылы – 59,3 мың тонна).
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 1 мың тонна жанар - жағармай бөлініп, оператор анықталып қойған. Бұл қаладағы ірі 60 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егін егу жұмыстарын жүргізуге толығымен жетеді. Агроқұрылымдарға жеткізіп беруді қоса алғандағы жеткізу құны литріне 157 теңге болып бекітілді (нарықтағы бағасы 183-185 теңге).
Көктемгі дала жұмыстарына трактор, тұқым сепкіштер, жер қопсытқыштар, топырақ өңдейтін агрегаттар секілді техниканың саны жеткілікті. Бүгінде олар 93,2 пайызға дайын.
Сонымен қатар, шаһарда осы жылға минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 122 млн. 146 мың теңге, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 5 млн. 885 мың теңге, пестицидтердің, биоагенттердiң құнын субсидиялауға 600 мың теңге бөлінді.