Шымкентте биыл үш төтенше жағдай нысанының құрылысы аяқталады

0
124

Жаңа депо жедел қызметтердің оқиға орнына жету уақытын едәуір қысқартып, мегаполистің қауіпсіздік жүйесін нығайтуға және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыруға бағытталған.


Шымкентте биыл үш төтенше жағдай нысанының құрылысы аяқталады

Шымкент қаласында биыл 3 төтенше жағдай нысаны пайдалануға беріледі.

Соның ішінде Бозарық-3 шағынауданында өртке қарсы қызмет нысаны жұмысын бастап кеткен.

Жоба аясында төтенше жағдай, полиция қызметкерлері және жедел жәрдем бригадасы орналасатын кешенде қызметтік бөлмелер, газ-түтіннен қорғау қызметінің (ГТҚҚ) бекеті, оқу кабинеті, асхана, оқу-жаттығу мұнарасы, спорт алаңы, техника гаражы мен автотұрақ қарастырылған.
Жаңа депо жедел қызметтердің оқиға орнына жету уақытын едәуір қысқартып, мегаполистің қауіпсіздік жүйесін нығайтуға және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыруға бағытталған.
Қазіргі таңда Жаңаталап шағынауданында осындай заманауи әмбебап кешендер салынуда.
Сонымен қатар, Тұран шағынауданындағы 4 техникаға арналған өрт сөндіру депосында құрылыс-монтаж жұмысының 65 пайызы орындалған. Нысанның құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Бөлісу