Биылғы жылы Шымкент қаласы бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын дайындығы 93 пайызды құрап отыр.
Егін жинау науқаны және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар туралы, бүгінгі өткен брифингте ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Джанбатыров Абунасыр Шарифуллаұлы және «Shymkent» ӘКК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қаттабеков Ерлан Нұрланұлы ақпараттармен бөлісті.
Егіс көлемінен ағымдағы жылы 87,1 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Бүгінгі таңда,жалпы 79,6 мың тонна өнім жиналған.
Атап айтсақ, дәнді дақылдар - 16,9 мың тонна, майлы дақылдар - 2,9 мың тонна, көкөніс пен бақша - 40,6 мың тонна, картоп - 4,8 мың тонна, мал азықтық - 14,4 мың тонна жиналған.
2023 жылы өнімділікті арттыру мақсатында минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына - 122 146,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнге 52 000,0 мың теңгеге 467,5 тонна тыңайтқыш субсидияланған.
Сонымен қатар, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 20 480,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда 4 000,0 мың теңгеге бірінші ұрпақ будандарының 60,0 мың дана тұқымдары субсидияланған.
Ал пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға 600,0 мың теңге бөлінген.
Сонымен қатар, күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге 44,3 тонна жеңілдетелген бағамен берілетін жанар-жағармай бөлініп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 245 теңгеден босатылуда.
Биылғы жылы Шымкент қаласы бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын дайындығы 93 пайызды құрап күзгі жиын-терім жұмыстарына толығымен жұмылдырылды.