Шымкентте бизнес және инвестициялар үйі ашылады

0
1 170

Ол жерде бір терезе қағидасы бойынша кәсіпті енді бастаған жандар үшін мемлекеттік және өзге де қызметтер ұсынылады.


Шымкентте бизнес және инвестициялар үйі ашылады

Шымкент қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Шымкент – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыстары аясында баспасөз брифингі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жоспарлар туралы жиын барысында «Шымкент – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ерасыл Төлебаев мәлімдеді.

Ол жаңа орталықтарда бір терезе қағидасы бойынша кәсіпті енді бастаған жандар үшін мемлекеттік және өзге де қызметтер ұсынылады. Ал инвесторларға кеңестер беріліп, қолдау көрсетіледі. Спикердің айтуынша, кедергілерді жою және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ғимаратта бірқатар басқарма мен кәсіпорындар орналастырылады.

Сондай-ақ, брифинг барысында Ерасыл Төлебаев «Шымкент –Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің атқарған жұмыстарына да тоқталып өтті.

«100-ден аса басшылардың бірінші қабатқа көшуі нәтижесінде орын алған өзекті жағдайларға бірінші басшы шұғыл араласа алып, тұрғындардың шағымы 50 пайызға төмендеді. Мектептер және емханаларда босаған бөлмелер пайдалануға берілді. Бірінші басшыларға қолжетімділік ұлғайды және олардың азаматтарды күнделікті қабылдауға мүмкіндік берді», - деді Ерасыл Төлебаев.