Шымкентте «Capital Invest Construction» компаниясының кеңсесі ашылды

0
569

Қаланың құрылыс индустриясын дамытуға үлес қосатын алпауыт серіктестік қалада 12-25 қабаттан, 20 блоктан тұратын зәулім тұрғын үйлерді салуда.


Шымкентте «Capital Invest Construction» компаниясының кеңсесі ашылды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Capital Invest Construction» компаниясы кеңсесінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаланың құрылыс индустриясын дамытуға үлес қосатын алпауыт серіктестік қалада 12-25 қабаттан, 20 блоктан тұратын зәулім тұрғын үйлерді салуда.

Қала басшысы мегаполис аумақтарында өз жобаларын іске асырып жатқан инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
"Алдағы бес жылда қалаға 6 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту жоспары тұр. Осы мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетін негізгі салалардың бірі – құрылыс. Сондықтан саланы дамытуға ниетті инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетудеміз", - деді қала әкімі. Мегаполис басшысы бүгінде үлкен құрылыс алаңына айналып отырған Шымкент Сити шағын ауданының артықшылықтарына да тоқталды.
Бүгінгі таңда жаңа шағынауданды дамыту жобасы қаланың жетекші жобаларының біріне айналды. 427 га аумақты алып жатқан ауданға керекті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар тартылды.
Шағынауданда 2 млн шаршы метр тұрғын үй, 195 мың шаршы метр коммерциялық алаң, 7 500 оқушыға арналған 7 мектеп, 5000 орындық 8 балабақша, 295 тұрғын үйден тұратын 19 көпқабатты тұрғын үй кешенін салу жоспарлануда. Сонымен қатар, қазір 2 мың орындық Конгресс Холлдың құрылысы жүргізіліп жатыр. Ғимарат биыл тамызда пайдалануға беріледі. Алдағы уақытта жаңа елдімекенде опера және балет театры салынады деп жоспарлануда.