​Шымкентте дала өрті жиіледі

0
1 393

Өрттердің шығу себептері әртүрлі.


​Шымкентте дала өрті жиіледі

Шымкент қаласының өрт сөндіру бөлімдері бір тәулікте қала аумағында құрғақ шөптердің жану оқиғаларына 20 рет шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

26 маусымда бірден екі шақырылымға шықты. Бірінші хабар сағат 18:46-да келіп түсті.

Хабарламада Абай ауданы, Ақтас мөлтек ауданында құрғақ шөп жанғаны туралы айтылған. Шөптің жану көлемі 46 гектарды құрады. Өрттің беті сағат 21:02-де қайтарылып, сағат 21:59-да толығымен сөндірілді.Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт оқиға орнында Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 17 адам, 4 техникасы жұмыс атқарды.

Екінші хабар сағат 19:00- де келіп түскен. Хабарламада Әл-Фараби ауданы, Забадам тұрғын алабында орналасқан егістікте өрт шыққаны туралы айтылған. Бидай алқабындағы өрттің жалпы көлемі 40 га құраған, сондай-ақ, айналадағы 44 га құрғақ шөпжанған. Өрттің беті сағат 21:15-те қайтарылып, сағат 22:55-те толығымен сөндірілді. Оқиға орнында Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 22 адам, 6 техника жұмыс атқарған. Екі жағдайда да өрттердің шығу себептері мен келтірілген материалдық шығыны анықталуда.

Жазғы өрт қауіпті кезеңінде құрғақ шөптердің жану оқиғалары жиі орын алуда. Оның салдарынан от жалыны жақын жерде орналасқан егістіктерге өтіп, зиян келтіруі мүмкін. Өрттің шығу себептері- адам факторы жиі орын алады.

Өрттердің басым бөлігі ауыл шаруашылық өрттері, көлік құралдарының сөндіргіштерінен ұшқын, қоқыс жағу, демалыс орындарында қараусыз қалдырылған от, жанып жатқан сіріңкеден, сөндірілмеген темекіден, шыны сынығынан туындайды. Ыстық күнде шыны сынықтары күн сәулелерін тұтандырғыш линзалар ретінде шоғырландырады.