Шымкентте диабеттік табан синдромына шалдыққан науқастарға тіліксіз ота жасалып жатыр

0
419

Мұндай әдіс қан ағымын жақсартып, жараның жазылуына жақсы ықпал етеді.


Шымкентте диабеттік табан синдромына шалдыққан науқастарға тіліксіз ота жасалып жатыр

ERNUR.KZ. Қант диабеті асқынған науқастарға шұғыл хирургиялық көмек көрсету үшін Шымкент қаласындағы №2 аурухана базасында диабеттік табан бөлімшесі ашылған.

Аурухана дәрігерлері диабеттік табан синдромымен келген пациенттің аяқ ампутациясын алдын алу мақсатында эндоваскулалы баллонды ангиопластика, яғни стенттеу отасын жасайды. Тіліксіз ота арқылы науқастың аяғын аман алып қалуға болады.
Операция кезінде хирургтар катетерді артерияға енгізу арқылы тамыр қабырғаларын баллонмен кеңейтіп, стент орнатып береді.
Мұндай әдіс қан ағымын жақсартып, жараның жазылуына жақсы ықпал етеді. Сәйкесінше қант диабетімен ауыратын науқастардың өмір сапасын жақсартады.