​Шымкентте достық мерекесі тойланды

0
131

1 миллион 244 мыңға жуық шымкенттік тұрғынның 15,8%-ын өзбек этносы құрайды.


​Шымкентте достық мерекесі тойланды

Бүгін еліміздің үшінші мегаполисінің Орталық саябағында Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің «Өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі» күніне арналған Достық мерекесі аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық ҚХА мен жергілікті өзбек этносы белсенділерінің атсалысуымен ұйымдастырылған іс-шараға қалалық ҚХА басшылығы, Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы, қалалық мәслихат депутаттары мен қалалық Қоғамдық кеңес жетекшісi және тұрғындары мен қала қонақтары қатысты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастау алған мерекелік іс-шара барысында «Ғунча» халық ансамблі, Сайрам музыка мектебі оқушыларының орындауында «Домбыра күйі», «Қазына» би ансамблінің «Достық» биі, "Узбегим" дайрашылар тобының «Доира зарби» музыкалық композициясы сынды бірқатар жергілікті және көршілес Өзбекстаннан арнайы келген мәдениет майталмандары тұрғындар алдында өнерлерін көрсетіп, жұртшылықтың ақеділ алғысына ие болды.
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова өз сөзінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті бекемдеу бағытындағы қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаевтың тындырымды жұмысына алғыс айтты. Этномәдени бірлестіктің бірқатар белсенділеніне қала басшылығының Алғыс хаттарын табыстады.
Орталық саябаққа жиналған тұрғындар үшін қаламыздағы бірқатар өнер ұжымдары өнерлерін көрсетті Және өзбек этносының ұлттық салт- дәстүрі мен мәдениетін паш ететін көрме қалың көпшіліктің көңілінен шықты.
Айта кетейік, бүгінде 1 миллион 244 мыңға жуық шымкенттік тұрғынның 15,8%-ын өзбек этносы құрайды. Қалалық өзбек этномәдени бірлестігі қашан да елдің берекелі бірлігін бекемдейтін және қазақстандық патриотизмді дәріптейтін жобалар мен қайырымдылық бағыттағы іс-шаралардан шет қалмай, ел игілiгі үшін қалалық ҚХА жанында жүйелі әрі табысты жұмыс істеп келеді.