​Шымкентте екі тұрғын үйден өрт шықты

0
921

Шаһарда бір тәулікте 8 өрт тіркелді.


​Шымкентте екі тұрғын үйден өрт шықты

Өткен тәулікте қаладағы өрт сөндіру бөлімшелері өрт пен жану жағдайларын сөндіруге 8 рет шықты. Тілсіз жаудан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

27 маусымда сағат 20.44-те "101" кезекшілік-диспетчерлік қызметіне Абай ауданы Пошаев көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 20 адам мен 4 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының 1 бригадасы тез арада шықты. Аталған мекенжай бойынша келген өрт сөндірушілер мансард түрінде тұрғын үйге жапсарлас салынған моншаның шатыры, бу бөлмесіндегі ішкі ағаш қаптамасы жанғанын және ас үйдің есігі мен төбенің жабындары зақымдалғанын анықтады. Өрттің жалпы аумағы 52 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 21:09-да оқшауланып, 21.28-де толығымен жойылды.



Сағат 23-10-да Абай ауданы Самал-3 шағын ауданындағы Шағала көшесіндегі үйде өрт туралы хабарлама келіп түсті. Үйдің ауласында көлемі 12 ш.м. қора және ішінде 20 дана сығымдалған шөп өртенді. Сондай-ақ, осы көшеде басқа жеке тұрғын үйде 25 шаршы метр алаңдағы қораның шатыры және 500 дана сығымдалған шөп өртенді.Өрт сағат 00: 16-да оқшауланып, 00.39 минутта толығымен жойылды. Өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 20 адам мен 4 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының 1 бригадасы жұмылдырылды.



Өрттің себептері анықталуда, анықтау органдары өрттің себептерін қарауды 10 тәулікке дейін ұзартуға құқылы.

Құрметті тұрғындар, өрттің туындауын болдырмау үшін, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз, электр сымдарын уақытында тексеріп, розеткаға қосылған электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз, балаларды электр аспаптарына жібермеңіз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып, елеместен, сіз өзіңізге ғана емес, жақындарыңызға да қауіп төндіресіз. Өрт шыққан жағдайда дереу "112 " Құтқару қызметіне немесе "101"телефоны арқылы хабарлаңыз.