​Шымкентте есірткі сайттарын жарнамалаған ер адам ұсталды

0
76

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.


​Шымкентте есірткі сайттарын жарнамалаған ер адам ұсталды

Шымкент қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты интернет-ресурстардың жарнамасын таратқан жергілікті тұрғынды ұстады.

Тергеу барысында ер адамның қала аумағында есірткі сататын тыйым салынған сайттардың жарнамасы бар жапсырмаларды орналастырғаны анықталды. Жарнамалық материалдарда жоғары жалақы төленетін жұмыс ұсынылып, есірткі заттарын таратуға қатысты интернет-ресурстардың мекенжайлары көрсетілген.
Есірткі сайттарының жарнамасы бар жапсырмалар тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Полиция ескертеді: есірткіні, психотроптық заттар мен сол тектестерді насихаттау немесе жарнамалау – мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейігі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ адамдар көп жиналатын объектілерде есірткі жарнамасын қалдырғаны және насихаттағаны, сондай-ақ бірнеше рет жасалған әрекеттер үшін – мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
Бөлісу