Шымкентте газ құбырларын жаңғырту жобасы толығымен аяқталды

0
180

Газ тарату желілерінің схемасы мен диаметрлері оңтайландырылды, тұтынудың соңғы нүктелеріндегі қысымның жоғалуы азайтылды.


Шымкентте газ құбырларын жаңғырту жобасы толығымен аяқталды

Шымкент қаласындағы өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар мен көп қабатты үйлерді газбен жабдықтау үшін салынған газ құбырларының жаңғырту жобасы толық іске асырылды.

2022 жылдан бері өтпелі объект ретінде қаралған жобаның жалпы құны 1 204 029,23 мың теңге болды, 38 376 көлемде құбыр салынды.

2022-2023 жылдары жүзеге асырылған жобаның нәтижесінде 73 061,89 көлемді құбыр төселді, оның 30,266 км-і полиэтилен, ал 42,796 км-і болаттан жасалған. Жобаға жұмсалған жалпы қаражат 2 037 587,612 мың теңгені құрады.
Жобаның негізгі нәтижелері:
- Газ құбырларының тозу деңгейі 31,4%-дан 29%-ға дейін төмендетілді;
- Жерасты болат газ құбырларынан полиэтилен құбырларға көшу арқылы пайдалану мерзімі 35 жылдан 50 жылға дейін ұзартылды;
- Газ тарату желілерінің схемасы мен диаметрлері оңтайландырылды, тұтынудың соңғы нүктелеріндегі қысымның жоғалуы азайтылды;
- Газ құбырларының өндірістік қуаты артты;
- Жерасты және жер үсті газ құбырларын жаңарту арқылы технологиялық ысыраптар төмендеді;
- Негізгі жабдықтың сенімділігі артты;
- Тозу салдарынан авариялық жағдайлардың пайда болу мүмкіндігі жойылды.

Еске салсақ, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы газ тасымалдау және сату қызметтерінің инвестициялық бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысу үшін баспасөз турын өткізген болатын.

2021-2025 жылдарға арналған бес жылдық инвестициялық бағдарлама, жалпы сомасы 4 000 708 мың теңге, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен ҚР Энергетика министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілген. Қаржыландыру негізінен меншікті қаражат, яғни тарифтегі пайда және амортизация арқылы жүзеге асырылады.

Бөлісу