Қалада газ техникалық инспекция бөлімі газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарын бұзған 89 тұлғаны жауапкершілікке тартылған.
Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының Газ техникалық инспекция бөлімі мен «Шымкент қаласының Газ техникалық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі газ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кең ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жылыту маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы барысында Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары, aзаматтық қорғаныс полковнигі Еркін Отарғалымұлы мен Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Абдинуров Малик Құттымбетұлы БАҚ өкілдеріне баяндап берді.
Бұл шаралар қала тұрғындарын газбен улану қаупінен қорғауға және газ жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігін түсіндіруге бағытталған.