​Шымкентте қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау басталды

0
3 252

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты грантқа өтініш білдіру онлайн форматта жүзеге асырылатын болады.


​Шымкентте қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау басталды

Шымкент қаласындағы халықты жұмыспен қамту орталығында қайтарымсыз мемлекеттік грантқа құжат қабылдау басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биылғы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты грантқа өтініш білдіру онлайн форматта жүзеге асырылатын болады.

Азаматтардың құжаттары Telegram желісіндегі @enbekshymkentBot мекен-жайы бойынша 2021 жылдың 26 наурыз күні 09.00-ден кешкі 19.00-ге дейін қабылданады.
Құжаттарды тапсыру бейнероликтің үлгісі қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының Instagram әлеуметтік желісіндегі zhumispen.kamtu және Facebook-тегі "Шымкент жұмыспен қамту орталығы" парақшаларында көрсетілген.
Мемлекеттік грантқа төмендегі санаттағы азаматтар қатыса алады:
  • «Бизнес бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарынан өтіп, арнайы сертификат алған жұмыссыз және бірыңғай жиынтық төлем жүргізген азаматтар;
  • Тұрмысы төмен аз қамтамасыз етілген атаулы әлеуметтік көмек алатын табысы аз көп балалы отбасылардың мүшелері;
  • қандастар мен қоныс аударушылар. Аталған санаттағы азаматтардан (ережеге сәйкес) «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсынан өту талап етілмейді.
Грантқа өтініш білдіру үшін келесі құжаттар талап етіледі:
1. Өтініш;
2. Жеке куәлік, ал қандастар үшін – қандас куәлігі
3. Бизнес жоспар;
4. Сертификат («Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе «Еңбек» бағдарламасының І бағыты шеңберінде 3 айлық оқуды аяқтаған жөнінде құжат).