М.Дулати көшесінің бойында орналасқан Shelby караоке клубының сағат 01:00-де жұмыс істеп жатқандығы белгілі болды.
ERNUR.KZ. Шымкентте түнгі уақытта жұмыс істеп, карантин режимін бұзған караоке анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қазанға қараған түні Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары рейдтік іс-шараларын жүргізу барысында М.Дулати көшесінің бойында орналасқан Shelby караоке клубының сағат 01:00-де жұмыс істеп, карантин режимін өрескел бұзып жатқандығы белгілі болды.
Осы дерек бойынша бойынша караоке иесіне ҚР ӘҚБК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік іс құжаттар жиналып, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жолданғаны айтылады.
Сонымен қатар, қорқор (кальян) шеккен үш келушіге және осы нысан әкімшілігіне ҚР ӘҚБК-нің 441-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.