Бұл туралы шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қалалық мәслихат сессиясының ХХІІ кезекті отырысында баяндады.
Шымкентте шағын және орта кәсіпкерліктің іскерлік белсендігі тұрақты артып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қалалық мәслихат сессиясының ХХІІ кезекті отырысында баяндады.
Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдаудың бірнеше түрі бар. Мысалы, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарлама аясында 7,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, 3 592 жобаға қолдау көрсетілді.
Бұдан бөлек, қабылданған өңірлік «Іскер қала» бағдарламасы да оң нәтиже беруде. Биылғы 556,1 млн. теңгеге 62 жоба қаржыландырылды. Кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қол жеткізуі үшін «Shymkent–Atameken» микроқаржы ұйымы арқылы кәсіпкерлерге 1,3 млрд. теңгеге дейін 6 пайыздық несие берілуде. Жыл басынан бері 129 жобаға қолдау көрсетілді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, қалада белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандар саны 104 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 40,7 пайызға артты.