​ШЫМКЕНТТЕ КЕПТЕЛІСТІ АЗАЙТУДА КЕШЕНДІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

0
260


​ШЫМКЕНТТЕ КЕПТЕЛІСТІ АЗАЙТУДА КЕШЕНДІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

Шымкент қаласында көлік кептелісін азайту мақсатында жол таңбалары жаңартылып, бағдаршам, жол белгілері мен оң жақ өткелдер салынуда.

Жібек жолы-Сайрам көшелері мен Ибрагим ата-Сареми көшелерінің қиылысына оң жақ өткелдер ұйымдастырылуда. Бұл шаралар осы аумақта кептелісті азайтуға мүмкіндік береді.

Бәйдібек би даңғылы көлік ағыны жоғары негізгі магистралдың бірі саналады. Осыған орай, Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесіне қосымша жолақтар жүргізілді. Ендігі кезекте Бәйдібек би - Алатау қиылысына қосымша жолақ ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Бәйдібек би даңғылы мен Көшеров көшесіне кері бұрылыс ұйымдастырылып, Бәйдібек би - Абылай аралығын қосу жұмыстары жүргізілді.
Онымен қоса Бәйдібек би даңғылына балама жол ретінде Тұран және Тұран-2 шағын аудандарынан қала орталығына тікелей қатынайтын Таңбалытас көшесіне асфальт төселіп, жол таңбалары сызылды.
Бөлісу