Шымкентте халықаралық мастер-класс аясында күрделі операциялар жасалды

0
158

Операцияларды Санкт-Петербург, Сеул, Ұлан-Батор, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген жетекші мамандар шымкенттік дәрігерлермен бірлесіп орындауда.


Шымкентте халықаралық мастер-класс аясында күрделі операциялар жасалды

Шымкентте онкологиялық ауруларды емдеудің заманауи әдістеріне арналған халықаралық ғылыми-практикалық мастер-класс өтті.

Мастер-класс аясында Шымкент қаласының Онкологиялық орталығында шетелдік және отандық мамандардың қатысуымен күрделі операциялар жасалды. Мамандар науқастарға жоғары технологиялық, аз инвазивті емдеу әдістерін қолданып, хирургиялық көмек көрсетті.
Атап айтқанда, бүйректің қатерлі ісігін емдеуде криоабляция әдісі алғаш рет қолданылды. Бұл – ісік тінін төмен температура әсерімен жоюға мүмкіндік беретін заманауи аз инвазивті әдіс.
Сонымен қатар, қалқанша безі, бүйрек және бауыр ісіктері бар науқастарға бірқатар күрделі операциялар жүргізілді. Жалпы, мастер-класс барысында сегіз науқасқа заманауи емдеу тәсілдері қолданылды, ал екі күн ішінде 15-ке жуық операция жасалды.
Операцияларды Санкт-Петербург, Сеул, Ұлан-Батор, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген жетекші мамандар шымкенттік дәрігерлермен бірлесіп орындауда. Франция мен Австралияның онкологтары онлайн форматта қатысты.
Халықаралық мастер-кластың басты мақсаты – озық шетелдік тәжірибені тікелей клиникалық практикаға енгізу, жоғары технологиялық емдеу әдістерін меңгеру және онкологиялық науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру.
Бөлісу