Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа жұмыс кестесіне көшті

0
492

Бұл шешімді Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері қабылдады.


Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа жұмыс кестесіне көшті

15 шілдеден бастап Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа жұмыс кестесіне көшті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл шешімді Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері қабылдады.

Осылайша, ХҚО азаматтарды дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды. Сенбі-жексенбі демалыс.
Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында, ХҚО-ға кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGov mobile қосымшасы, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.