Бұл шешім жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға және көлік жүргізушілерінің назарын жол қозғалысына толық аударуға бағытталған маңызды қадам болып отыр.
2024 жылдан бастап Шымкент қаласының қоғамдық көліктерінде қолма-қол төлем қабылдау жүйесі толығымен жойылып, тек электронды төлем түрлері ғана қолданылады.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2024 жылдың 9 айында жолаушылар тасымалы саласында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтіп, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ибрагимов Ролан Бекмағамбетұлы, «Smart mobility» ЖШС директоры Камидоллин Жомарт Ерболатұлы және Баймаханбет көлік саласының сарапшысы Байболат Досалыұлы өздері тиісті салалар бойынша БАҚ өкілдеріне баяндады.
Спикерлердің сөзінше, бұл шешім жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға және көлік жүргізушілерінің назарын жол қозғалысына толық аударуға бағытталған маңызды қадам.