​Шымкентте көк ту көтерілген патриоттық акция өтті

0
3 274

Акция барысында ҚР Мемлекеттік Туы салтанатты түрде көтеріліп, ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалды.


​Шымкентте көк ту көтерілген патриоттық акция өтті

Шымкент қаласындағы "Әл-Фараби" алаңында "Менің туым, Менің Отаным" атты іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін Шымкент қаласы, Әл-Фараби алаңындағы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» күніне арналған «Менің Туым, Менің Отаным» патриоттық акциясы өтті. Акцияның мақсаты – мемлекеттік Туды насихаттап, қазақстандық жастардың туған еліне деген отансүйгіштігін ояту.
Аталған шараға Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, жоғарғы оқу орындарының студенттері, қаланың белсенді жастары қатысты.
Сондай-ақ, акция барысында ҚР Мемлекеттік Туы салтанатты түрде көтеріліп, ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалды.
Өз кезегінде шаhap басшысы Ерлан Қуанышұлы қала тұрғындарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, бұл шара әрбір қазақстандықты патриоттық сезімге бөлейтінін айтты.
«Біз жастарды отаншыл болуға, елін, жерін сүюге баулу арқылы келешек тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелеудеміз. Осылайша, елжанды, отан сүйгіш жастардың қоғамы қалыптасады», - деп жастарға мемлекеттік Туға деген құрметті арттыруды атап өтті.
Сонымен қатар, шара соңы өнер жұлдыздары қатысқан мерекелік концертпен аяқталды.